Көңілім жайнап қалар,еркелеп шықсаң алдан
Тек сені таңдадым керегі жоқ басқалар
Махаббат емес ермек,жүректер соқсын бірге
Тек маған күлімдейтін ғашықпын көздеріңе

Қайырмасы
Аялап өтейін ардағым тек өзің
Бақытты етемін бағала сен сезімді
Сыңғырлап күлгенің тербеді жүрегімді
Сен келіп өзгерттің асылым өмірімді
Қылықтым өзіңді бағыма мен баладым
Мың ару ішінен бір өзіңсің таңдағаным
Сыңарым басқадан мен сені қызғанамын
Бұл менің жанымда өзіңсің аңсағаным

Жолықтырған өзіңмен ризамын тағдырыма
Көз тоймай мен сүйсінем сенің əр қылығыңа
Бұл ғашық жүрегімде орын бар саған ғана
Болсақ біз мəңгі бірге жанымау арман барма

Қайырмасы
Аялап өтейін ардағым тек өзің
Бақытты етемін бағала сен сезімді
Сыңғырлап күлгенің тербеді жүрегімді
Сен келіп өзгерттің асылым өмірімді
Қылықтым өзіңді бағыма мен баладым
Мың ару ішінен бір өзіңсің таңдағаным
Сыңарым басқадан мен сені қызғанамын
Бұл менің жанымда өзіңсің аңсағаным